Бүгін Астанада Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаева ісі бойынша басты талқылау басталды. Қылмыстық істі Сабыржан Кәрімов қарап жатыр.
Судьяның шешімімен залынан тікелей эфир жүргізуге болмайды. 9 шілде күні Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті.
Судья шешіміне сай сот процесі ашық өтеді, бірақ банк құпиясын құрайтын деректерді қосқанда басқа да құпия ақпарат жария етілмейді. Сонымен қатар айыпталушылардан жауап алу процесі ешкімге көрсетілмейді.
Қайрат пен Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі ашық өтіп жатыр. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуына шектеу қойылмаған. Бүгінгі күнге дейін БАҚ-тың 70-тен астам өкілі қатысуға өтініш берген. Алайда сот сотталушылардың өтініші бойынша олардан жауап алу кезінде, соның ішінде түсініктемелер беру барысында және дәлелдемелерді зерттеу кезінде жариялылықты шектеу туралы шешім қабылдады. Себебі бұл мәліметтер құпия ақпаратты жариялауға әкеп соғуы мүмкін, – деп мәлімдеді судья.
Еске салайық, Перизат Қайрат пен оның анасы мүгедек балаларға, сонымен қатар Қазақстандағы су тасқынынан және Таяу Шығыстағы қақтығыстан зардап шеккендерге қайырымдылық көрсету мақсатында жиналған 3 миллиард теңгені жымқырды деп айыпталып отыр.
9 шілдеде Астанада Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы кезінде ол құқық қорғау органдары қызметкерлерінен жәбір көргенін айтқан еді. Алайда ІІМ бұл мәлімдемесін жоққа шағырып, растаған жоқ.