Басты бет Жаңалықтар Атырауда бассейнде шомылған 14 адам уланды

Атырауда бассейнде шомылған 14 адам уланды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
13 шілдеде Атыраудағы бассейндердің бірінде шомылған адамдардың денсаулығы сыр берді, олар хлордан уланған болуы мүмкін.

Бұл туралы Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлап отыр.

Медициналық көмекке 14 адам жүгінген. Ауруханаға үш адам жатқызылған, олардың жағдайы тұрақты. Қалған тұрғындар дәрігерлердің бақылауында, — деп жазылған хабарламада.

Эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп, ауа мен судан сынама алынды. Хлор буы шекті мөлшерден аспаған, зертханалық талдау жұмыстары жалғасып жатыр. Полиция қылмыстық іс қозғады, тергеу жүріп жатыр.

Облыс әкімі денсаулық сақтау басқармасына зардап шеккендердің жағдайын бақылауда ұстауды міндеттеді. Бұған қоса, өңірдегі бассейндер мен аквапарктерді тексеруге тапсырма берілді.

Exit mobile version