Басты бет Жаңалықтар Қазақстандық әнші «Славян базары» байқауында гран-при иеленді

Қазақстандық әнші «Славян базары» байқауында гран-при иеленді

Фото: "Славянский базар в Витебске"
XXXIV Халықаралық «Витебск-2025» эстрадалық ән орындаушылары байқауында гран-при жүлдесі қазақстандық Алмагүл Батталиеваға бұйырды.

Бұл туралы БЕЛТА хабарлап отыр.

Витебск қаласында өткен «Славян базары» халықаралық фестивалінің жас орындаушыларға арналған беделді байқауында қазақстандық әнші Алмагүл Батталиева жеңіске жетіп, гран-при иегері атанды.

Екі күнге созылған байқау қорытындысы бойынша ол 137 ұпай жинады. Финалда әнші жүрек тебірентерлік «Вечность» әнін орындап, көрермендердің қошеметіне және қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Бірінші орын беларусиялық Валерия Бернатовичке бұйырса, екінші орынды Армениядан Давид Киракосян мен Италиядан Доменико Барбера бөлісті. Ал үшінші орынды ресейлік Эрик Ахметов пен қырғызстандық Рыскелді Сарбеков иеленді.

Exit mobile version