Басты бет Басты ERG баспана арқылы жұмысшыларға үміт, отбасыға тұрақтылық сыйлайды

ERG баспана арқылы жұмысшыларға үміт, отбасыға тұрақтылық сыйлайды

«Үйі жоқтың – күйі жоқ» дейді халық. Ал тұрақты жұмысы мен жайлы баспанасы бар адамның өмірге деген сенімі артады. Eurasian Resources Group (ERG) компаниясы соңғы он жыл ішінде жұмысшыларына үміт, жас отбасыларға тұрақтылық сыйлап келеді. Компанияның бастамасымен жүзеге асқан тұрғын үй бағдарламасы аясында 4 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілді. Оның ішінде жас отбасылар, жұмысшы мамандық иелері, өндірістің алғы шебінде жүрген қарапайым еңбек адамдары бар. Бұл – жай ғана әлеуметтік жоба емес, нақты нәтижесі бар, жұмысшылардың өмірін өзгертуге бағытталған жүйелі қолдау.

Exit mobile version