Шарын шатқалында терең жыраға құлап кеткен туристке құтқарушылар көмектесті. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Шарын шатқалында Қостанай облысынан барған турист жыраға құлап кетіп, өз бетінше шыға алмады. Оқиға Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында болды, — делінген хабарламада.
Ер адамның достары көмектесуге тырысқанмен, оны шығара алмаған. Содан жақын жерде орналасқан ТЖМ механикаландырылған күзетінде кезекшілік еткен құтқарушылардан көмек сұраған.
Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылының нәтижесінде 1989 жылы туған ер адам құтқарылды. Оған медициналық көмек қажет болмады, — дейді құтқарушылар.
ТЖМ азаматтарды туристік жорықта қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.