Басты бет Жаңалықтар Сенбі күні Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Сенбі күні Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Фото: Нұрназар Әмзе
“Қазгидромет” синоптиктері Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық, жаңбыр, бұршақ, жел және найзағай болатыны туралы болжам жасады.

Қарағандыда найзағай күтіледі.

Семей мен Павлодарда найзағай мен 15-20 м/с жылдамдықтағы екпінді жел болады.

Қостанай мен Түркістан облыстарында жел соғып, өрт қаупі жоғары болады.

Ақтау, Қызылорда және Жезқазған қалаларында өрт қаупі жоғары күйінде қалып отыр.

Павлодар, Қарағанды және Абай облыстарында найзағай, жаңбыр, бұршақ, дауылды жел, қатты жел және төтенше өрт қаупі күтіледі.

Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау, Ұлытау, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында 40 градусқа дейін аптап ыстық және төтенше өрт қаупі болжанып отыр.

Exit mobile version