Басты бет Жаңалықтар Грант конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау басталды

Грант конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау басталды

Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі
2025 жылғы 13-20 шілде аралығында талапкерлерден гранттар конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылданады.

Құжаттарды egov.kz порталы арқылы онлайн немесе жоғары оқу орындарындағы қабылдау орталықтары арқылы (кез келген жақын орналасқан ЖОО-да) тапсыруға болады.

Грант конкурсына қатысу үшін талапкерлер жеке куәлік, ҰБТ сертификатын, 3×4 көлеміндегі фото, орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері үшін диплом) тапсыру керек. Сонымен қатар жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар ұсынылады.

Білім беру гранттары конкурсына қатысу және ақылы негізде оқуға түсу үшін ҰБТ нәтижелері бойынша келесі шекті баллдар белгіленген:

«Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» бағыттары бойынша — кемінде 75 балл;

«Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» бағыты бойынша — кемінде 70 балл;

ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін — кемінде 65 балл;

басқа жоғары оқу орындарына түсу үшін — кемінде 50 балл;

Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетіне түсу үшін — кемінде 50 балл.

Еске салайық, жоғары оқу орындары білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу және ақылы негізде оқуға қабылдау үшін өз шекті баллдарын өздері белгілеуге құқылы.

Ауылдық жерлерден шыққан және әлеуметтік осал топтарға жататын талапкерлерді қолдау мақсатында қабылдау науқаны аясында арнайы шаралар қарастырылған.

Атап айтқанда, гранттар конкурсына қатысу барысында мемлекет бекіткен квоталар бар.

Exit mobile version