Басты бет Жаңалықтар Түркістанда досына әскерден қашуға көмектескен жігіт сотталды

Түркістанда досына әскерден қашуға көмектескен жігіт сотталды

Фото: Syr-media.kz
Түркістан облысы Түлкібас ауданының тұрғыны әскерге кетіп бара жатып, пойыз перронынан қашып кеткен.

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Оқиға 25 мамыр сағат түнгі 00:30 шамасында, Түлкібас теміржол станциясында болған. Перронда әскерге шақырылған досымен қоштасқан тұрғын полиция қызметкеріне кедергі жасап, қарсыласқан.

Ал әскерге бара жатқан жігіт осы сәтті пайдаланып, пойыздан қашып кетеді.

Сотта құқық бұзушы кінәсін толық мойындап, жеңіл жаза кесуді сұрады. Оған әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 667-бабының 1-бөлігімен іс қозғалды, — дейді ведомство.

Сот оған 117 960 теңге әкімшілік айыппұл салды. Үкім заңды күшіне енді.

Exit mobile version