Басты бет Жаңалықтар Ақтауда жылу желілерін реконструкциялауға 3,6 млрд теңге бөлінді

Ақтауда жылу желілерін реконструкциялауға 3,6 млрд теңге бөлінді

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы 9,2 шақырым магистральдық жылу желілерін реконструкциялау жұмыстарын аяқтауға үкімет резервінен шамамен 3,6 миллиард теңге бөлінді.

Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.

Жалпы құны 13,8 млрд теңге болатын бұл жобаны іске асыру 2024 жылы басталды. Бүгінде жоба аясында екі құбырлы жүйемен 5,5 шақырым жылу желісі тартылды.

Ақтау қаласының жылу желілерінің жалпы ұзындығы 562 шақырым. Тозу деңгейі – 79%.

Аталған жоба іске асырылғаннан кейін желілердің тозу деңгейі 75%-ға дейін қысқарады. Бұл тұрғындарды жылыту маусымында үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге, ыстық су жеткізу өткізу қабілетін арттыруға және пайдалану шығындарын азайтуға мүмкіндік береді, — деп жазылған хабарламада.

Үкімет хабарлағандай, 2029 жылға дейін 175 шақырым жылу желілері мен жылумен жабдықтау көздерін реконструкциялау және салу жоспарланып отыр.

Exit mobile version