Басты бет Жаңалықтар Алматы-Минск жаңа халықаралық бағыты іске қосылады

Алматы-Минск жаңа халықаралық бағыты іске қосылады

Фото: Reuters.com
Қазақстан мен Беларусь арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерінің жалпы саны аптасына алты рейске дейін артады.

Азаматтық авиация комитеті ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстерді ұлғайту бойынша тұрақты негізде жұмыс істеп жатыр.

Мәселен, биыл 10 тамыздан бастап SCAT қазақстандық әуе компаниясы Алматы-Минск жаңа халықаралық бағыты бойынша аптасына екі рейс жиілігімен (сәрсенбі және жексенбі) тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастайды.

Қазіргі уақытта Минскіге рейстерді Астана қаласынан Беларусь «Белавиа» әуе компаниясы аптасына төрт рейс жиілігімен орындайды.

Осылайша, Қазақстан мен Беларусь арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерінің жалпы саны аптасына 6 рейске дейін артады, — делінген азаматтық авиация комитеті хабарламасында.

Exit mobile version