Қазақстанның бірнеше өңірінде күн күркіреп, жаңбыр жауады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері хабарлап отыр.
Талдықорғанда найзағай мен қатты жел күтіледі.
Жезқазған мен Өскеменде желдің екпіні 15-18 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Алматы мен Қонаевта нөсер жаңбыр, найзағай, жел және төтенше өрт қаупі болжанып отыр.
Көкшетау мен Ақмола облысында тұман, найзағай, бұршақ және желдің екпіні 15-18 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі.
Атырау, Ақтөбе және Атырау облыстарында қатты жел, 39 градусқа дейін аптап ыстық және өрт қаупінің жоғары деңгейі болжанып отыр.
Шымкент, Түркістан қалаларында және Түркістан облысында найзағай, қатты жел мен төтенше өрт қаупі күтіледі.
Семей, сондай-ақ Алматы, Ұлытау, Жетісу, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, күшті жел және жоғары өрт қаупі күтіледі.