Елорда соты Перизат Қайраттың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот отырысын өткізу форматына қатысты шешім қабылдады.
Соттың ішінара жабық өтетіні туралы шешіммен Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов таныстырды.
2025 жылғы 14 шілде күні сағат 10:00-де басты сот талқылауын жалпы тәртіппен, ашық сот отырысы тағайындалды. Айыпталушылардан жауап алу кезінде, сот талқылауы барысында түсініктеме беру кезінде, сонымен қатар құпия мәліметтер мен банк құпиясын құрайтын материалдар қарастырылған кезде сот талқылауының жариялылығы шектеледі. Сот ісін жүргізу тілі – орыс тілі. Айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасы, тергеу кезеңіне дейін қамауда ұстау санкциясы сақталады, — деді Сабыржан Кәрімов.