Басты бет Жаңалықтар Шымкентте бұрынғы мәдениет үйінің директоры ұсталды

Шымкентте бұрынғы мәдениет үйінің директоры ұсталды

Фото: Polisia.kz
Шымкент бойынша қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті «Шымкент жастар театры» МКҚК директоры мен басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты 136 миллион теңгеден астам бюджет қаржысын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады.

Мемлекеттік бюджеттен концерт ұйымдастыруға қажет жабдықтарды – колонкалар, сабвуферлер, сахналық фермалар, күшейткіштер мен микрофондар сатып алуға 320 миллион теңге бөлінген. Тергеу деректеріне сәйкес, күдіктілер:

  • Сатып алу талаптарын бұзған;
  • Лоттарды қолдан бөлшектеп, 20-дан астам атау бойынша сатып алуды электронды дүкен арқылы жасаған;
  • Жалған жеке кәсіпкерлермен келісімшарт жасасып, нақты жеткізілмеген жабдық үшін ақша аударған;
  • Алынған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған.

Күдіктілердің бірі қылмыстық жолмен алынған табысты жасыру мақсатында жалпы құны 48 миллион теңге болатын автокөлік пен пәтер сатып алған. Аталған мүлікті сенімді адамдардың атына рәсімдеген. Сот шешімімен бұл мүлікке тыйым салынды. Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынған, іс бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Қаржылық теріс қылық жасағандар заң алдында жауап береді.

Exit mobile version