Қазақстанда 1 шілдеден бастап темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек бағасы өзгерді. Бұл туралы қаржы министрлігі хабарлап отыр.
Жаңа ережеге сәйкес, 2025 жылғы 1 шілде мен 31 желтоқсан аралығында фильтрлі, фильтрсіз темекі, папиростар, сигариллалар және қыздырылатын темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек бағасы 920 теңге болып белгіленді.
Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап темекі өнімдерінің ең төменгі бағасы 970 теңгеге дейін көтеріледі.
Темекі бағасының өзгеру динамикасы:
- 2024 жылғы 1 шілде – 31 желтоқсан: 820 теңге;
- 2025 жылғы 1 қаңтар – 30 маусым: 870 теңге;
- 2025 жылғы 1 шілде – 31 желтоқсан: 920 теңге;
- 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап: 970 теңге.