Басты бет Жаңалықтар 40 градус ыстық, жаңбыр: сәрсенбіде ауа райы қандай болады?

40 градус ыстық, жаңбыр: сәрсенбіде ауа райы қандай болады?

Фото: Нұрназар Әмзе
9 шілдеде Қазақстанның бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райы болжанып жатыр. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлап отыр.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен республиканың солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында ауа райы тұрақсыз болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстікте нөсер жаңбыр, күндіз кей жерлерде бұршақ күтіледі.

Жел күшейіп, солтүстік пен оңтүстік-шығыста дауыл болады. Солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарда түнде және таңертең тұман түседі.

Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында жоғары өрт қаупі бар.

Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Жетісу, Абай және Қостанай облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Батыс Қазақстан, Алматы, Жетісу, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарында 35-38 градусқа дейін аптап ыстық болады.

Exit mobile version