Басты бет Жаңалықтар АҚШ-тағы су тасқынынан 104 адам қайтыс болды

АҚШ-тағы су тасқынынан 104 адам қайтыс болды

Фото: Getty Images
АҚШ-тың Техас штатындағы су тасқынынан қайтыс болғандар саны 104-ке жетті. Бұл туралы РИА Новости хабарлап отыр.

Алты округте кем дегенде 104 адам қайтыс болды. Керр округінде билік 84 адам қаза болғаны туралы хабарлады: 56 ересек адам және 28 бала, — делінген хабарламада.

АҚШ-тың ұлттық ауа райы қызметі Х әлеуметтік желісінде Техастың Керр округінің бірнеше қаласында су тасқыны салдарынан төтенше жағдай жариялады. Бұл аймақтағы жарты миллионнан астам адамға су тасқыны қаупі төніп тұр.

Exit mobile version