Украина президенті Владимир Зеленский мен Дональд Трамп телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Владимир Зеленский Telegram-арнасында жазып отыр.
Президент Трамп ақпаратқа өте қанық. Украинаға деген көңілі үшін рахмет. Әуе қорғанысының мүмкіндіктерін талқылап, аспанды қорғау жөнінде жұмыс істейміз деп келістік. Командаларымыздың қарымта кездесуі жайлы келістік, – деп жазды ол.
Бір айта кетерлігі, 3 шілдеде Дональд Трамп пен Владимир Путин сөйлескен. АҚШ президенті Украинадағы соғысты мүмкіндігінше шұғыл тоқтату мәселесін көтерген.
Бірақ Дональд Трамп Ресей президентімен сөйлесіп болғаннан кейін «Прогресс жоқ» деп пікір білдірген.