Астанада жолаушылар автобусы жол апатына түсті. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлап отыр.
Қазіргі кезде полиция оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. 3 маусым күні автобус жүргізушісі Қосшығұлұлы көшесінде маневр жасап жатқан Ford көлігіне жол бермеген.
Соның салдарына екеуі соғысып қалған.
Автобустың үш жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді, — делінген хабарламада.