Басты бет Жаңалықтар Бүгін екі мегаполис пен Атырауда ауа ластанады

Бүгін екі мегаполис пен Атырауда ауа ластанады

Фото: Нұрназар Әмзе
Бүгін Қазақстанның үш қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлап отыр.

2025 жылғы 4-шілдеде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Шымкент, Алматы, түнде Атырау қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Exit mobile version