Басты бет Жаңалықтар Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото: Нұрназар Әмзе
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 4 шілдеге арналған ауа райы болжамы жариялап отыр.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер батыста, солтүстікте, шығыста, ҚР орталығында өз ықпалын сақтайды. Соның салдарынан елдің басым бөліінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстікте қатты жаңбыр жауады, жекелеген аудандарда бұршақ жаууы мүмкін.

Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ғана күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді, батыста, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, солтүстікте дауыл тұрады, солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түседі.

Атыраудың оңтүстігінде, батысында, Ақмола, Павлодар облыстарының батысында, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақтөбенің оңтүстік-шығысында, батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, Маңғыстау облысының орталығында, Ұлытау облысының орталығында өрт қаупі сақталады.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жетісу облысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде және Ұлытау облысында, Ақтөбе облысының орталығында, Маңғыстаудың солтүстік-батысында, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Exit mobile version