Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда өткен айда 1,2 миллионнан астам адам пойызбен қатынады

Қазақстанда өткен айда 1,2 миллионнан астам адам пойызбен қатынады

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Ұлттық теміржол тасымалдаушысы – «Жолаушылар тасымалы» АҚ жаздың алғашқы айында барлық 112 бағыт бойынша 1,2 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсетті.

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Дәстүрлі түрде еліміздің курорттық аймақтарына бағыттар жоғары сұранысқа ие болды.

Мәселен, Курорт-Бурабай станциясына бағыт алған электр пойыздарымен 18,7 мыңнан астам жолаушы тасымалданды. Шығыс Қазақстандағы жетекші демалыс орындарының бірі – Алакөл көліне бағытталған Ұлттық тасымалдаушының пойыздарымен 12,8 мыңнан астам жолаушы жеткізілді, – делінген хабарламада.

Жазғы маусым аясында Алакөл, Балқаш және Бурабай курорты бағыттарын қоса алғанда, танымал бағыттар бойынша қосымша пойыздар саны арттырылды.

Exit mobile version