Шымкентте бопсалау және қарақшылықпен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Тінту барысында ұсталғандардан атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді.
Бұл туралы ПД хабарлап отыр.
Полиция мәліметінше, ұсталған топ өкілдеріне, бірнеше рет қарақшылық шабуыл жасады, тонау және бопсалаумен айналысты деген күдік келтіріліп отыр.
Тергеу мәліметтері бойынша, ұйымдастырушы сенімді адамдары арқылы қылмыстық әрекеттерін жүзеге асыру үшін ірі көлемде ақша жатуы ықтимал орындарды анықтайтын болған. Сонымен қатар ол түнгі клубтардың бірін өз бақылауына алып, «қамқорлығы» үшін ай сайын 2,5 миллион теңге алып отырған. Жедел жұмыстар барысында қылмыстық әрекеттерді ұйымдастырушы мен оның серігі ұсталды.
Тінту барысында олардан атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы топтың тағы бес мүшесі ұсталды. Олардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Операция қала прокуратурасының үйлестіруімен ұйымдастырыды, — делінген хабарламада.