2024 жылғы қыркүйектен 2025 жылғы маусымға дейінгі аралықта 9 миллион тонна жаңа астық экспортталды, бұл 2023–2024 жылдардағы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 60%-ға көп.
Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлап отыр.
Экспорт көлемінің айтарлықтай өсуі Қазақстан астық өнімдерінің сыртқы нарықтарда жоғары сұранысқа ие екенін және жеткізу географиясын кеңейту мен логистикалық инфрақұрылымды жаңарту бойынша қабылданған шаралардың тиімділігін растайды, — деп жазылған хабарламада.
Экспорттың негізгі бағыттары бұрынғыдай Орталық Азия мен жақын шетел мемлекеттері:
- Өзбекстан — 3,3 млн тонна (+32%),
- Тәжікстан — 1,2 млн тонна (+45%),
- Ауғанстан — 309 мың тонна (+46%),
- Қырғызстан — 233 мың тонна (+94%),
- Иран — 974 мың тонна (17,5 есе өсті),
- Әзербайжан — 707 мың тонна (116 есе өсті).
Иран мен Әзербайжанға жеткізу көлемінің өсуі сауда-экономикалық байланыстардың кеңеюімен қатар, халықаралық көлік дәліздерінің дамуына байланысты.