Алматыдағы Желтоқсан көшесіндегі жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
3 шілде күні сағат 08:00-ден 22:00-ге Гоголь көшесінен Райымбек батыр даңғылына дейінгі жолда көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады. Бұл аумақты Наурызбай батыр көшесі мен Абылай хан даңғылы арқылы айналып өтуге болады. Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған тақта қойылады,— делінген хабарламада.