Impact Distribution Lab – Alternativa жобасының жаңа кинолабораториясы. Іс-шара inDrive қолдауымен 2025 жылдың аяғында онлайн өтеді. Лаборатория бағдарламасы импакт-дистрибуцияға – әлеуметтік маңызы бар, қоғамда оң өзгеріс тудыруды көздейтін фильмдерді өткізіп, тарату стратегияларына арналады.
Лабораторияға Орталық Азиядан шыққан кинопродюсерлер мен активистер қатыса алады. Олар халықаралық эксперттер жетекшілігімен фильмінің іске қосуға дайын импакт-стратегиясын әзірлейді, болашағы бар деген жобаларға кеңес беріледі. Impact Distribution Lab бағдарламасына өтінім қабылдау басталды. Өтінімді 2025 жылғы 30 қыркүйекке дейін жіберуге болады. Бағдарламаға қатысу тегін.
Impact Distribution Lab лабораториясы импакт-дистрибуцияға деген жаңа көзқарас тұрғыларын тауып, оларды іске асыруға арналған. Импакт-дистрибуция стратегияларына фильмде көтерілетін мәселенің кеңінен талқылануына жол ашып, көрерменнің нақты әрекет жасауына түрткі болу үшін фильм көрсетіп, талқылау ұйымдастыру, көрерменмен, активистермен және серіктестермен бірлесе жұмыс істеу жатады.
Лабораторияда дүниежүзіне танылған импакт және фильмдерді ілгерілетумен айналысатын эксперттер дәріс оқиды. Олардың арасында «Эмми» сыйлығына ұсынылған деректі кино продюсері Кара Магсанок-Аликпала (Филиппин) және FilmAid халықаралық гуманитарлық ұйымының директоры Гита Саэди Кили (АҚШ) бар. Теориялық курс күзде онлайн-форматта өтеді. Практикалық модуль қай жерде өтетіні кейін хабарланады.
Фильм деген – қоғамға маңызды, экологиядан бастап адам құқықтарына дейінгі, инклюзиядан бастап сөз бостандығына дейінгі тақырып төңірегінде әңгіме бастауға таптырмас құрал. Кино адамды бұрын көрмеген бейтаныс әлемдерге, аумақтарға, мәдениеттер мен жағдайларға қызықтырып, ертіп әкете алады. Кино – адамның эмоциясын, тіпті адам өзі танығысы келмейтін эмоциясын оятатын өнер, адамның ойлануына, сезінуіне, ең бастысы – әрекет етуіне түрткі болатын өнер. Оған қоса, қоғамға маңызды киноның өз көрерменін табуы қиын дегенмен, сондай картиналарәлемге әсер ете алады, шешім қабылдайтын тұлғалардың сөзден іске көшуіне түрткі бола алады, жалпы адамзат өмірінде жақсыға қарай бетбұрыс жасай алады. Дәл қазір әлемге әділет пен гуманизм құндылықтарына жақ бола алатын, келер ұрпақты ойлап, елдер мен қауымдар арасын жалғар жол таба алатын белсенді адамдар керек. Impact Distribution Lab дәл сондай адамдарға арнап жасалып жатыр, – дейді лаборатория мақсаттары туралы айта келе, Alternativa ішіндегі Industry & Labs бағытының жетекшісі Анна Гудкова.

Impact Distribution Lab бағдарламасына Орталық Азия елдерінен Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан мен Тәжікстаннан шыққан кинопродюсерлер мен
активистер қатыса алады. Продюсерлер өтінімге әлеуметтік маңызы бар тақырыпты түсірген, 2023–2025 жылдары аяқталған не бастапқы монтаж сатысында тұрған фильмін қосуы керек.
Бағдарламаға қатысатын активистер – қоғам үшін маңызды жобаларға қатысып жүрген волонтерлар мен қоғамдық қозғалыс мүшелері, бейкоммерциялық ұйымдар мен қайырымдылық қорларының қызметкерлері, әлеуметтік жауапкершілігі бар бизнес өкілдері. Бағдарламаға қатысу және өтінім беру шарттары Alternativa сайтындағы Impact Distribution Lab бетінде жарияланған.
Алайда лабораторияның шымылдығын ашатын импакт-дистрибуция теориялық онлайн-курсына кино қоғамды өзгерту құралы деп танып, сол тақырыпқа қызығып жүргендердің бәрі қатыса алады. Олар лабораторияға қатысуға өтінім бермей-ақ, тыңдаушы болып тіркелуіне болады (тіркеу кейінірек ашылады).
Лабораторияға қатысушылар шағын команда (продюсер + активист) болып жұмыс істейді. Бұл түрлі сала мамандарының тәжірибесін біріктіріп, бейстандарт шешім іздеуге сеп болмақ. Қатысушылардың бәрі импакт-дистрибуциядан білім алып, практикалық
машықты меңгереді, әлеуметтік маңызы бар жоба бойынша жұмыс істеу жағынан тәжірибе жинайды, халықаралық эксперттер мен менторлар желісіне қол жеткізіп, кино, медиа және әлеуметтік қызмет саласында кәсіби таныстығын кеңейте алады.
Лаборатория нәтижесі бойынша әр команда өз фильмінің іске асыруға дайын импакт-дистрибуциясын әзірлейді. Кемі болашағы бар үш жоба бағдарлама жеңімпазы болып, әзірлеген стратегиясын іске асыру жолында ұйымдастыру және кеңес беру жағынан қолдау алады.
Impact Distribution Lab негізгі кезеңдері мынадай:
— 2025 жылғы 1 шілде – 30 қыркүйек
Өтінім қабылданады (опен-колл).
— 2025 жылғы 30 қазан
Бағдарламаға қатысатындар тізімі жарияланады.
— 2025 жылғы қараша
Импакт-дистрибуция бойынша онлайн-курс – халықаралық эксперттердің теориялық дәрістері мен шеберлік сабағы өтеді.
— 2025 жылғы желтоқсан
Өзіндік жұмыс – команда болып жоба әзірлеу, менторлардан жеке кеңес алу кезеңі.
— 2026 жылғы қаңтар
Практикалық модуль және стратегияларды қорғау – команда болып қарқынды жұмыс істеу, импакт-стратегияларды ақтық сында, халықаралық қазылар алқасы алдында қорғау кезеңі.
— 2026 жылғы ақпан және ары қарай
Жеңімпаздардың импакт-кампаниялары Alternativa, inDrive және лаборатория серіктестерінің қолдауымен іске асырылады.