Басты бет Жаңалықтар Дәрігерлер ит талап тастаған баланың халін айтты

Дәрігерлер ит талап тастаған баланың халін айтты

Фото: Comandir.com
Дәрігерлер Алматы облысындағы Жалпақсай ауылында ит талаған баланың халін айтты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі баланың жағдайы ауыр екенін хабарлап отыр.

1 шілдеде науқастың жағдайы тұрақталғаннан кейін ол Қарасай ауданының орталық аудандық ауруханасынан облыстық балалар клиникалық ауруханасына ауыстырылды. Бала жансақтау бөліміне жатыр. Науқастың жағдайы тұрақты, бірақ ауыр, нашарлау белгілері жоқ, — делінген хабарламада.

Баланы бір күн бұрын Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің профессорлары мен нейрохирургтары қарап шыққан.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысындағы Жалпақсай ауылында ойнап жүрген 10 жасар баланы иттер талап тастаған еді. Мұны көрген адам иттің екеуін пышақпен өлтіріп тастаған. Желіде ол адам жауапқа тартылады деген ақпарат жүр. Алматы облысы полиция департаменті ақпарат жалған екенін мәлімдеді.

Exit mobile version