Басты бет Жаңалықтар «Жылдам ақша». Оралда лицензиясыз жұмыс істеген микроқаржы тобы тергеліп жатыр

«Жылдам ақша». Оралда лицензиясыз жұмыс істеген микроқаржы тобы тергеліп жатыр

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Қаржылық мониторинг агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті прокуратурамен бірге Орал тұрғындарына микрокаржы қызметтін көрсеткен тұлғаларды тергеп жатыр. Ұйым тіркелмеген.

Күдіктілер бес жыл бойы «Жылдам ақша» («Быстрые деньги») деген атаумен көп филиал ашып тастаған. Осы уақыт ішінде азаматтармен жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден асатын микроқаржы келісімшартын жасаған.

Несиенің пайыздары бөлек шарт арқылы «кеңес беру қызметі» ретінде көрсетілген. Бұл қызметтер күдіктінің туысына тіркелген, олармен байланысы бар ЖШС арқылы рәсімделіп отырған.

Қарыз алатындар күн сайын 1,5% төлеуге мәжбүр болған, бұл заңда белгіленген шекті мөлшерлемеден (0,3%) бес есеге артық. Бұл заңсыз микроқаржы ұйымы арқылы 47 мыңнан астам қарыз жоғары пайызбен берілген. Алдын ала мәлімет бойынша, заңсыз алынған табыс көлемі — 917 млн теңге, — делінген хабарламада.

Сот күдіктілердің мүлкіне – өндірістік коммерциялық нысан мен бір пәтерге тыйым салатын санкция шығарды. Тергеу жалғасып жатыр.

Exit mobile version