Бұрынғы Jusan Bank (қазіргі Alatau City Bank) 1 шілдеден бастап клиенттің шотында бір жылдан астам уақыт ақша болмаған және сонша уақыт қаржы операциясы жасалмаған шоттарды жаба бастады.
Jusan Bank АҚ Қазақстан Республикасының заңнамасы («Төлемдер мен төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 1-тармағы) бойынша, клиенттің банк шотында бір жылдам астам ақша болмаса және шотта бір жылдан астам уақыт ақша қозғалмаса (мемлекеттік бюджеттен және (немесе) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыны, әлеуметтік төлемді қоспағанда) шот шартын орындаудан бас тартуға құқылы, — делінген хабарламада.
2025 жылғы 1 шілдеден бастап мына шоттар жабылады:
- Jusan Bank-те 2019 жылғы 29 сәуірден бастап ашылған шоттар;
- 2014 жылғы сәуірен бастап бұрынғы АТФ банкінің шоттары;
- талап етілетін жинақ шоттары.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы маусымда Jusan Bank Алматы облысындағы жаңа Алатау қаласын дамытуға қатысамыз деп атауын Alatau City Bank деп өзгерткен еді.