Басты бет Жаңалықтар Қырғызстанда 20 Қазақстан азаматы университеттен шығарылды

Қырғызстанда 20 Қазақстан азаматы университеттен шығарылды

Фото: Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті
Ишеналы Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінен Қазақстанның 20 азаматы оқудан шығарылды. Бұл туралы Қырғыз Республикасының ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті хабарлап отыр.

Бұл азаматтар жоғары оқу орнына ресми қабылданса да, Қырғызстанда болмаған, күнделікті оқуға бармаған.

Бұл факті бойынша Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабы «Қызметтегі жалғандық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу заң бұзылғанын растаған.

Нәтижесінде университет 59 шетел азаматын оқудан шығаратын шешім қабылдаған. Олар:

  • 30 Өзбекстан азаматы;
  • 20 Қазақстан азаматы;
  • 9 Ресей азаматы.

Exit mobile version