Басты бет Жаңалықтар Еліміздегі 500-ге жуық ауылға су жүйесі қосылмаған

Еліміздегі 500-ге жуық ауылға су жүйесі қосылмаған

Фото: Рlumbingparamedics.ca
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев үкімет отырысында 496 ауыл сумен жабдықтау қызметіне қосылмағанын мәлімдеді. Тағы 260 елді мекен суды тасып ішеді немесе құдық пісіп ішеді.

Министрдің айтуынша, қазір қалалардың 99,3%-ы, ал ауылдардың 97,5%-ы сумен жабдықтау қызметіне қосылған.

6 148 ауылдың 5 679-ына су барып тұр. Оның ішінде 4 420 ауылдық елді мекен орталықтандырылған жүйеге қосылған, 999 ауылға кешенді блоктық модуль орнатылған, — деді Ерсайын Нағаспаев.

Тұрғыны аз 260 елді мекенде халық суды құдық пісіп, ұңғыма қазып ішіп отыр. Ал шалғай ауылдарға суды тасып береді.

469 ауылда әлі күнге дейін су құбыры жоқ. Бұл мәселені шешу үшін республикалық бюджет пен арнайы мемлекеттік қор қаражаты есебінен 245 ауыл орталықтандырылған су жүйесіне қосылады. Жергілікті бюджет есебінен 224 ауылға біріктірілген блоктық модуль орнатылады.

Exit mobile version