Басты бет Push Бүгін 3 қаланың ауасы лас болады

Бүгін 3 қаланың ауасы лас болады

Фото: Нұрназар Әмзе
«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

2025 жылғы 1 шілдеде Алматыда, Ақтөбеде және түнде Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай болады, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Exit mobile version