Басты бет Жаңалықтар Еңбек министрлігі: Қазақстанда ең төменгі жалақы өседі

Еңбек министрлігі: Қазақстанда ең төменгі жалақы өседі

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова елімізде ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру бойынша үкіметтің жоспарлары туралы айтып берді.

Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында Светлана Жақыпова 2024 жылы еңбек министрлігі алғаш рет ең төменгі жалақыны есептеу әдістемесін бекіткенін айтты. Бұл әдістеме еңбек өнімділігін, нарықтағы медианалық жалақыны және инфляция деңгейін ескереді.

Қазіргі уақытта бірнеше институт еңбек өнімділігі, медианалық жалақы бойынша өңірлік және салалық бөліністе нақты көрсеткіштерді қамтамасыз ету мақсатында зерттеулер жүргізіп жатыр. Осы деректер ЕТЖ-ні есептеудің негізіне алынады, – деді  Светлана Жақыпова.

Министрдің айтуынша, нақты сандар зерттеулер аяқталғаннан кейін белгілі болады.

Зерттеулерді жыл аяғына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз, – деді Светлана Жақыпова.

Exit mobile version