Басты бет Жаңалықтар Қазақстандағы алғашқы АЭС-ның құны 14 миллиард доллар болуы мүмкін

Қазақстандағы алғашқы АЭС-ның құны 14 миллиард доллар болуы мүмкін

Фото: Gov.kz
Қазақстанның атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев елімізде салынатын атом электр станциясының болжамды құнын атады.

Оның айтуынша, АЭС құны техникалық-экономикалық негіздеме аясында анықталады.

Конкурстық процедураларға қатысу аясында вендорлар ұсынған индикативті параметрлер бар. Біз қазір оны жария ете алмаймыз, себебі олар құпиялық туралы келісіммен қорғалған. Бірақ әлемдік тәжірибеге сүйенсек, мұндай станция кем дегенде 14 миллиард доллар тұрады, — деді Алмасадам Сәтқалиев мәжіліс кулуарында.

Айта кетейік, еліміздегі алғашқы АЭС Алматы облысының Жамбыл ауданында салынады.

Exit mobile version