Басты бет Жаңалықтар Өскеменде бірнеше көлікті қасақана соққан жүргізуші ұсталды

Өскеменде бірнеше көлікті қасақана соққан жүргізуші ұсталды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Өскемен қаласының Космическая көшесінде тұрған көліктерді қасақана соққан жүргізуші ұсталды. Бұл туралы ПД хабарлап отыр.

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп бұзушы 31 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Оқиғаға қатысты бейнежазба әлеуметтік желілерде тарап, онда жеңіл көлік жүргізушісінің тұрақта тұрған көліктерді қасақана соғып жатқаны бейнеленген, — делінген хабарламада.

Желі қолданушылары жүргізуші есірткілік масаң күйде болған болуы мүмкін деген болжам жасады.

Exit mobile version