Елордада LRT вагондарына рұқсатсыз граффити салу әрекеті тіркелді. Бұл туралы City Transportation System компаниясы хабарлап отыр.
Вагондардың жоғарғы жағына заңсыз граффити салынғаны анықталды, — делінген хабарламада.
Олар таратқан ақпаратқа қарағанда, материалдар құқық қорғау органдарына жолданып, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
CTS өкілдері сонымен қатар вагондардың қорғаныш қабығы бар екенін мәлімдеді. Ол вагонның негізгі бояуын сырттан болатын ықпалдан қорғайды. Қазір граффитиді сүртіп жатыр.