2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 242 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.
Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлап отыр.
2025 жылғы 1 маусымға 45,2 мың отбасындағы 242,4 мың адамға 13,4 миллиард сомасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. 2025 жылы осы мақсатқа бюджеттен 132,9 миллиард теңге қарастырылды, — делінген хабарламада.
АӘК-нің негізгі мақсаты — ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару. АӘК мыналарды көздейді:
- табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
- табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. 2025 жылғы 1 маусымға АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 74,5 мың балаға 1,8 миллиард теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;
- жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.
Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сонымен қатар электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.