Air Astana компаниясы Таяу Шығыстағы қақтығыс шиеленісіп кеткендіктен рейстерін уақытша тоқтатты.
Әуе компаниясы 23 маусымда мынадай рейстерді тоқтатады:
- КС191/192/Атырау-Дубай-Атырау;
- КС205/206/Астана-Дубай-Астана;
- КС897/898/Алматы-Дубай-Алматы;
- КС655/656/Астана-Доха-Астана.
Ұшпаған рейстердің жолаушысына ақысыз қайта брондау немесе билет құнын толық қайтару ұсынылады.
Air Astana әуе компаниясы рейстерді тағы да тоқтатса, оны қосымша хабарлайды.