Басты бет Жаңалықтар Қазақстан Түркіменстан бағытында жүк тасымалын арттыруды жоспарлап отыр

Қазақстан Түркіменстан бағытында жүк тасымалын арттыруды жоспарлап отыр

Фото: qaztt.kz

Үкімет Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы көлік, логистика және транзит саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын жасады. Жоба Ашық НҚА порталында жарияланған.

Бұл  заң жобасы екі мемлекет арасындағы көлік, логистика және транзит саласындағы стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында әзірленді, — делінген құжатта.

Заң жобасының мынадай міндеттері бар:

  • қолайлы тарифтік жағдай жасау, инфрақұрылымды дамытуды үйлестіру, алдын ала және өзге де ақпарат алмасу үшін цифрлық шешім енгізу бойынша бірлескен шара қабылдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан аумақтары арқылы тасымалдау көлемін тарту;
  • жүктерді тиімді және қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету үшін теміржол, теңіз және автомобиль көлігі саласында ынтымақтастық орнату және дамыту;
  • көлік және логистика жөніндегі қолданыстағы жұмыс тобы шеңберінде жұмысты жалғастыру.

Құжатқа премьер министр Олжас Бектенов қол қойған.

Қоғам жобаны 2025 жылғы 10 шілдеге дейін талқылай алады.

Exit mobile version