Басты бет Жаңалықтар Елімізде сұйытылған газ бағасы жыл соңына дейін өзгермейді

Елімізде сұйытылған газ бағасы жыл соңына дейін өзгермейді

Фото: gazeta-varta.ru
Энергетика министрлігі Ашық НҚА сайтында сұйытылған мұнай газының көтерме саудадада өткізудің шекті бағасын бекіту туралы құжат жариялады. Құжат бойынша,  сұйытылған газдың қазіргі бағасын 2025 жыл соңына дейін ұстап тұру жоспарланған.

Энергетика министрлігі жаңа бұйрық арқылы 2025 жылғы 1 шілдеден 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі көтерме сауданың шекті бағасын қайта бекітуді ұсынып отыр.

Сұйытылған мұнай газының ағымдағы деңгейде бір тоннасына 51 932 теңге шекті көтерме сауда бағасын бекіту туралы бұйрықты қайта бекіту, — делінген құжат сипаттамасында.

Exit mobile version