Басты бет Push Бүгін Алматыда ауа сапасы нашар болады

Бүгін Алматыда ауа сапасы нашар болады

Фото: Нұрназар Әмзе
«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

2025 жылғы 23 маусымда Алматыда түнде қолайсыз метеорологиялық жағдай болуы мүмкін, — делінген ақпаратта.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Exit mobile version