Басты бет Жаңалықтар 5 адамның денсаулығын жақсартты: Алматыда инсульттан қайтыс болған адам донор болуға келісіп...

5 адамның денсаулығын жақсартты: Алматыда инсульттан қайтыс болған адам донор болуға келісіп кеткен

Фото: Gov.kz
Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханада геморрагиялық инсульттен қайтыс болған адам донор болып, бес адамның денсаулығы жақсаруына септігі тиді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлап отыр.

Донордың жүрегі Астанадағы Ұлттық ғылыми медициналық орталықта пациентке қондырылған. Операция сәтте өткен, реципиенттің халі қанағаттанарлық. Донордың екі бүйрегі де Астанаға жіберіліп, балаларға трансплантатталған. Екі операция да сәтті өтті.

Донордың көзі екі пациентке кератопластика арқылы операция жасауға — көздің қабығын трансплантаттауға мүмкіндік берген. Екі көз алмасын Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханада алғаш рет офтальмология меңгерушісі Гүлзат Әбдірамова сәтті алған.

Мөлдір қабықты трансплантаттау ерекшелігі сол, оны алып тастағаннан кейін қысқа мерзімде — ең жақсысы бірінші күні трансплантаттау керек. Әйтпесе, тін қасиетінен айырылады да, трансплантаттауға жарамсыз болып қалады. Бұл пациенттердің көру қабілетін қалпына келтіру мүмкіндігін жояды, — делінген хабарламада.

Пациенттерде кератопатия буллозасы және мөлдір қабықтың бұлыңғырлығы болды — көз құрылымы бұзылған, ісіну мен көпіршік (буллалар) пайда болатын ауыр мөлдір қабық ауруы болған. Бұл ауру соқырлыққа жеткізеді.

Мұндай патологияны емдеудің жалғыз әдісі — мөлдір қабықты трансплантаттау. Операциядан кейін екі пациенттің көру функциясы жақсарады деп болжанып отыр.

Донор геморрагиялық инсультпен Орталық қалалық клиникалық ауруханаға түскен пациент болды. Екі күннің ішінде оған толық көлемде медицина көмегі берілді, дәрігерлік консилиумдар өтті. Мамандар барлық күш-жігерін салғанымен, пациенті құтқарып қалу мүмкін болмады — биологиялық өлім болды, — делінген хабарламада.

Пациенттің қайтыс болғаннан кейін ағза донорлығына ресми келісімі болған және жақын туыстары жазбаша түрде рұқсат берген.

Exit mobile version