Басты бет Жаңалықтар Алматыда көлікпен соқтығысқан автобус ғимаратқа кіріп кетті

Алматыда көлікпен соқтығысқан автобус ғимаратқа кіріп кетті

Видео скрині
Алматыда қоғамдық көлік жол апатына ұшырады. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлап отыр.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты сағат 06:15-те Әуезов ауданында болған. Нәтижесінде автобус Chevrolet Cobalt көлігімен соқтығысып, қозғалысын тоқтатпастан жақын маңдағы ғимаратқа кіріп кеткен.

Жол-көлік оқиғасынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайын Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр, – делінген хабарламада.

Exit mobile version