Басты бет Жаңалықтар Жетісу облысында сегіз жаңа су қоймасы салынады

Жетісу облысында сегіз жаңа су қоймасы салынады

Фото: Үкімет
Жетісу облысында су үнемдеу технологиялары белсенді қолданылып отыр. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Жетісу облысында вегетациялық кезең тұрақты негізде өтіп жатыр. Өңір әкімі Бейбіт Исабаев су қоймаларының орташа толу деңгейі 70% болатынын, барлық егіс алқабы егіндік сумен қамтамасыз етілгенін айтты. Биылға жоспарланған 1 миллиард м3 су көлемінің 250 миллион м3 мөлшері шаруаларға берілді. Қалған көлемді маусымның соңына дейін қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Өңірде су үнемдеу технологиялары мен әдістері белсенді қолданылып жатыр. Сегіз жаңа су қоймасын салу жоспарда бар. Бір бөгет салу жобасы дайындалды. Ислам даму банкі арқылы екі жоба жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, екі жоба республикалық бюджеттен және тағы екеуі жергілікті бюджеттен қаржыландырылады, — деді Бейбіт Исабаев.

Exit mobile version