Басты бет Жаңалықтар Бұрынғы судья Светлана Жолмановаға қатысты сот үкімі шықты

Бұрынғы судья Светлана Жолмановаға қатысты сот үкімі шықты

Фото: Еlitar.kz
Медеу аудандық сотының бұрынғы судьясы Светлана Жолманованы 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкімді Медеу аудандық сотының судьясы Қанат Әрінов шығарды.

Светлана Жолманова ҚР қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша кінәлі деп танылды.

Сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырды.

С. Жолманова 2021 жылдан бастап 2024 жылға дейін жылжымайтын мүлік сатып алуға және тендерлік жобаларға қатысуға жәрдемдесу сылтауымен, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы азаматтардың миллиондаған теңгесін қолды қылған. Зардап шеккендердің арасында оның достары, көршілері, таныстары мен әріптестері бар.

Exit mobile version