Астана қаласы ПД жедел-іздестіру бөлімінің қызметкерлері «қылмысқа жол жоқ» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында темекі өнімдерін сататын дүкендердің бірінде темекі шекпейтін құрылғылардың (вейптердің) заңсыз сатылуын анықтады.
Электрон темекілерді заңсыз сатқан және таратқан деген күдікпен 29 жастағы азамат полиция бөліміне жеткізілді.
Тексеру барысында тәртіп сақшылары дүкеннен 23 электрон темекіні тәркіледі. Белгілі болғандай, күдікті бұл іспен бірнеше айдан бері айналысып келген. Ол осы уақыт ішінде 50-ден астам вейп сатқанын мойындады.
Сонымен қатар тергеу барысында оның бұл өнімнің заңмен тыйым салынғанын біле тұра, вейптерді интернет-дүкен арқылы, танымал мессенджерлердегі арналары арқылы сатқандығы анықталды.
Темекі шекпейтін бұйымдарды, электрон тұтыну жүйелерін (вейптер), сонымен бірге оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды заңсыз айналымға шығаруға байланысты қылмыстық іс тіркелді.
Полиция азаматтарды қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтауға шақырып, электрон тұтыну жүйелерімен заңсыз сауда жасау ауыр құқықтық салдарға әкеп соғатынын ескертеді.