Маңғыстау облысында лоторея ойнатқан блогерлер тергеліп жатыр. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі хабарлап отыр.
Ақтау қаласында ерлі-зайыпты Instagram, TikTok және Telegram желілерінде 850 мыңнан астам оқырманы бола тұра, ауқымды онлайн-лотереялар ұйымдастырған. Лотерея операторы ретінде тіркелмегеніне қарамастан, олар автокөлік, пәтер және басқа да бағалы жүлделер ойнатқан, — деп жазылған хабарламада.
Қатысушылар құны 500-ден 50 000 теңге болатын билет (цифрлық нөмір) сатып алып отырған. Тергеу мәліметіне сәйкес, бұл лотереяларға 1 800-ден астам азамат қатысқан.
Заңсыз қызмет нәтижесінде қылмыстық табыс сомасы 162 миллино теңгеден асқаны анықталды. Қазіргі уақытта күдіктілердің мүлкі мен банк шоттарына тыйым салынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
ҚР қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
БАҚ істі болған блогерлердің белгілі әнші Абай Бегейдің қызы мен күйеу баласы екенін жазып жатыр.