Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге құрмет көрсетіп, әуежайдан шығарып салды. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге құрмет көрсетіп, елорда әуежайынан шығарып салды, — делінген хабарламада.
Еске салайық, 16 маусым күні президент Си Цзиньпинді Астана әуежайынан қарсы алған болатын. Трапта Құрмет қарауылының ротасы сап түзеп, мәртебелі мейманға Қазақстан мен Қытай туларын ұстаған жеткіншектер қошемет көрсеткен еді.
Артынша Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Ақорда резиденциясында қарсы алды.