Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда орташа зейнетақы неше теңге екені белгілі болды

Қазақстанда орташа зейнетақы неше теңге екені белгілі болды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Қазақстанда маусым айында зейнетақының орташа мөлшері 143 502 теңгеге жетті. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлап отыр.

Биыл республикалық бюджеттен 1 трлн 745,9 млрд теңге зейнетақы төленген. Соның ішінде базалық зейнетақы – 564,7 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы – 1 трлн 181,2 млрд теңге.

2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 481 мың адам.  1 маусымдағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 502 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы – 95 814 теңге, базалық зейнетақы – 47 688 теңге, — делінген хабарламада.

Биыл 1 қаңтарда базалық зейнетақы төлемі инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ке, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ке, яғни инфляция деңгейінен 2%-ке асыра көтерілген болатын.

Министрлік президенттің тапсырмасымен 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақы ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-не, ал ең жоғары – 120%-ке дейін жыл сайын кезең-кезеңімен артады деп болжам отыр.

Exit mobile version