Басты бет Жаңалықтар Қостанайда көлігіне бейәдеп жазу жапсырып алған әйел сотты болды

Қостанайда көлігіне бейәдеп жазу жапсырып алған әйел сотты болды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Қостанайда әйел адамға қатысты бейәдеп сөздерді қоғамдық орында көрсетуге байланысты әкімшілік құқық бұзушылық ісі қаралды.

Бұл туралы облыстық сот хабарлап отыр.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2025 жылғы 10 маусымда азаматша жүк көлігінің жүк салғышына бейәдеп сөздер жазылған жапсырма орналастырған.

Сотта әйел мұны жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында жасағанын алға тартты. Оның айтуынша, мұндай ескерту жапсырмалар жүк көліктерінде жиі кездеседі және ешкімді қорлау мақсатында орнатылмаған. Алайда сот көліктің қоғамдық орында жүргенін және жапсырма көпшіліктің көз алдында болғанын негізге алып, бұл әрекетті қоршаған ортаға құрметсіздік пен қоғамдық тәртіпті бұзу ретінде бағалады.

Сот шешімімен азаматша 20 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде айыппұлға тартылды, – делінген сот хабарламасында.

Exit mobile version