Басты бет Жаңалықтар Алматыда Есентай өзенінің жағалауын көркейту жобасы әзірленіп жатыр

Алматыда Есентай өзенінің жағалауын көркейту жобасы әзірленіп жатыр

Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда әл-Фараби даңғылынан Рысқұлов даңғылына дейінгі Есентай өзені бойындағы аумақты абаттандыру, оның ішінде жағалауды көркейту бойынша жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленіп жатыр.

Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, 43 гектар жерді көркейтудің ауқымды жобасы әзірленіп жатыр. Құжат осы жылдың шілдесінде мемлекеттік сараптамадан өтпек.

Жоба аясында әл-Фараби даңғылынан Рысқұлов даңғылына дейін бірегей жеті кеңістік пайда болады. Қазір жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) дайындық үстінде. Құжат шілде айында мемлекеттік сараптамадан өтеді.

Жоба бойынша 43,2 гектар аумақ абаттандырылады, қазірдің өзінде жалпы ұзындығы 7,22 шақырым аймақ жаңартылды. Мақсат — заманауи, ыңғайлы әрі үйлесімді демалыс аймағын құру әрі суға шомылып, жағалау бойымен еркін тыныстау. Түрленген жағалау тұрғындар мен қонақтар үшін табиғи және қалалық ландшафттың бір бөлігіне әрі тартымды демалыс орнына айналады,– делінген хабарламада.

Негізгі ерекшеліктерінің бірі — функционалды аймақтарға бөлу. Демек, өзен бойымен жеті бірегей кеңістікті құру жоспарланған, олардың әрқайсысының өзіндік тұжырымдамасы болады:

  • әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейінгі жастар аймағы.
  • Тимирязев көшесінен Бұқар жырау бульварына дейін студенттік аймақ.
  • Бұқар Жырау бульварынан Абай көшесіне дейін белсенді аймақ.
  • Абай көшесінен Құрманғазы көшесіне дейін мәдени аймақ.
  • Құрманғазы көшесінен Жамбыл көшесіне дейін тартымды демалыс аймағы.
  • Жамбыл көшесінен Қарасай батыр көшесіне дейін тағы да жастар аймағы.
  • Қарасай батыр көшесінен Рысқұлов даңғылына дейінгі тартымды демалыс аймағы.

Exit mobile version